Starlink
Starlink[1] — америкалық SpaceX компаниясы жасақтаған Жер шарындағы Интернет жүйесі қамтылмаған немесе нашар қамтылған не болмаса Интернеті қымбат аймақтары бар орындарға арнайы бағытталған ғаламдық спутниктік шоқжұлдыз жүйесі. Спутниктік жүйелерді зерттеумен, жасақтаумен және өндірумен айналысатын SpaceX бөлімшесі Вашингтон штатының Редмонд қаласында орналасқан.[2][3]
Starlink | |
---|---|
Starlink | |
Ұйымы | SpaceX |
Тапсырысы | |
Орбитамен айналуы | earth |
Ұшыру күн-айы | ақпан 22, 2018 |
Торабы | https://www.starlink.com/ |
Қуаты | on the sun |
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жобаны жасау 2015 жылы басталды, «TINTIN» сынақ прототиптері 2018 жылдың 22 ақпанында сәтті түрде іске қосылды. 2017 жылы SpaceX 2020 жылдың ортасына қарай Жер орбитасына жалпы саны 12 000-дай спутниктер жіберу туралы нормативті құжаттар ұсынды. 2019 жылдың мамырында 60 спутник-прототиптің бірінші тобы жіберілді.
SpaceX 2020 жылға қарай АҚШ-тың солтүстігіне және Канадаға, ал 2021 жылы бүкіл әлемге Интернетке коммерциялық қол жетімділік ұсынуды жоспарлап отыр. Жобаны жүзеге асыруға арналған инвестицияның жалпы суммасы 10 млрд.$-ға бағаланды. SpaceX сондай-ақ зерттеуге және ғылыми мақсаттарға арналған осы жүйені қолданатын жер серіктерін сатуды жоспарлауда.
Технологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жер серіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Starlink жер серіктері Холл эффектісінде жұмыс жасайтын, криптон қолданатын электростатикалық қозғалтқыштармен жабдықталған. Өзіндік қозғалтқыштары спутникке олардың орбитада көтерілуіне, ғарыш әуесінде маневрлар жасауға және пайдалы қызмет ету уақыты аяқталысымен орбитадан ауытқуына мүмкіндік береді. Жерсеріктің массасы 260 кг-ға жуық, пішімі жалпақ панель түрінде. Starlink жерсеріктері маневрлерді автономды орындау үшін және ғарыштағы қоқыстармен, басқа да ғарыш аппараттарымен соқтығысып қалмас үшін АҚШ Қорғаныс Министрлігінің ғарыштағы қоқыстарды қадағалау жүйесінің деректерін пайдаланады. Әрбір аппаратта 1 күн батареясы, 4 фазаланған антенналық тор, жұлдыздарды бағдарлау датчиктері орнатылған.
Қолданушы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қолданушы терминалдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жүйенің Иридиум, Глобалстар, Thuraya және Inmarsat спутниктік байланыс жүйелерінен айырмашылығы, мұнда өзінің жерсеріктерінің телефондарына тікелей қосылмайды. Оның орынына ол пицца қорабының мөлшері шамалас қолданушы терминалдарына жалғанады . Осы қолданушы терминалдарының фазаланған антенналық торлары бар әрі олар жер серігін бақылап отырады. Терминалдарды жер серіктері тікелей көрінетін Жер шарының барлық орнына орнатуға болады. 2020 жылдың 26 қазанында басталған жүйені жариялы сынақтан өткізу аясында клиенттерге 499 долларға жабдықтар жиынтығын сатып алуға ұсыныс жасалуда, байланыс қызметіне бір айға жазылым бағасы 99 долларды құрайды.