Microsoft Office

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Microsoft Office — құрамында Word мәтіндік процессоры, Excel электрондық кестесі, OneNote ескертпелер бағдарламасы, PowerPoint графикалық презентация программалары, OneDrive интернет-сервисі, SharePoint платформасы, Teams байланыс платформасы, Yammer компания аралық ішкі әлеуметтік желісі және Outlook электронды поштасы бар біріктірілген жүйе. Бұл жүйенің жалпы сомасы оның құрамындағы программалар құнының қосындысынан төмен болып келеді. Барлық программалар бірігіп, мәліметтер алмаса отырып жұмыс істей алады, олардың жұмысын үйлестіріп жеңілдетуге мүмкіндік беретін Microsoft Office Manadger утилиті де бар. Құрамындағы бағдарламалардың алдына әдетте MS қойып жазылады.

Excel бағдарламасының мысалында Microsoft Windows үшін:

  • 1988 — Excel 2.0
  • 1990 — Excel 3.0
  • 1992 — Excel 4.0
  • 1993 — Excel 5.0 (Windows NT)
  • 1995 — Excel 7 (Windows 95)
  • 1997 — Excel 97
  • 1999 — Excel 2000 (9) — Microsoft Office 2000
  • 2001 — Excel 2002 (10) — Microsoft Office XP
  • 2003 — Excel 2003 (11) — Microsoft Office 2003
  • 2007 — Excel 2007 (12) — Microsoft Office 2007
  • 2010 — Excel 2010 (14) — Microsoft Office 2010
  • 2013 — Excel 2013 (15) — Microsoft Office 2013
  • 2016 — Excel 2016 (16) — Microsoft Office 2016
  • Microsoft бұдан әрі Office немесе Excel бағдарламаларын дискретті нұсқаларында шығармайды. Оның орнына Windows Update көмегімен уақыт өте келе мүмкіндіктер автоматты түрде енгізіледі. Нұсқа нөмірі 16.0 болып қалады.
Сурет:PowerPoint Logo.png

[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ��ылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5