HTML

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
HTML
(HyperText Markup Language)
қаз. Еренмәтін белгілеу тілі
Файл кеңейтімі:.html .htm
MIME түрі:text/html
Формат типі:Құжат файл кеңейтілімі
Қай форматтан кеңейтілді:SGML
Қай форматтарға дайін кеңейтілді:XHTML
Қалып(тар)ы:ISO/IEC 15445 * W3C HTML5 * HTML Living Standard * W3C HTML 5.1

HTML (ағылш. Hypertext Markup Language — «еренмәтін белгілеу тілі») — вебшолғышта көрсетілуге арналған еренмәтін мен басқа ақпараттардан тұратын веб-парақшаларды жасауға арналған белгілеу тілі.

HTML (HyperTextMarkupLanguage) – бұл құжаттарды кодтау үшін қолданылатын гипермәтіндік белгілеу тілі. HTML беттер ғаламторда браузерден серверге, жай мәтін немесе жасырын символдар(шифрлар) арқылы HTTP және HTTPS хаттамаларымен жіберіледі.

Жалпы түсінік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
HTML

HTML тілін британ ғалымы Тим Бернерс-Ли 1986-1991 жылдары Женева (Швейцария) Еуропалық ядролық зерттеу орталығында жасап шығарған болатын. HTML алғашында ғылыми және техникалық құжаттарды халық арасында алмастыруға арналған тіл ретінде жасалған. HTML көмегімен әдемі жасалған құжатты оңай және тез жасауға болады. Құрамының өзгеруінен басқа HTML-ға гипермәтіндерді оқу қасиеті қосылған. Бейнематериалдық қасиеттер кейіннен қосылған. Бағдарламалар құжаттарды құрылымдау және пішімдеу, оларды байланыстыру құралдарына қайта шығару (бейнелеу) құралы ретінде құрылды.

Браузерлер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

HTML тіліндегі белгісі бар (бұндай құжаттар әдетте .html немесе .htm форматында болады ) мәтіндік құжаттар форматталған түрде көрсететін арнайы бағдарламаларымен өңделеді. Бұндай бағдарламаларды веб-шолғыштар немесе браузерлер дейді, әдетте олар пайдаланушының талаптарын ыңғайлы интерфейспен және оларды көрумен қамтамасыз етеді. Қазіргі кездегі ең атақты веб-браузерлер: Google Chrome, Яндекс, Mozilla Firefox, Opera, Internet Explorer және Safari.

  • HTML 0.9
  • RFC 1866 — HTML 2.0, стандарт ретінде 1995 жылдың 22 қыркүйегінен бері танылған;
  • HTML 3.2[1] — 1997 жылғы 14 қаңтарда;
  • HTML 4.0[2] — 1997 жылдың 18 желтоқсаны;
  • HTML 4.01[3] (басты және маңызды өзгерістер) — 1999 жылдың 24 желтоқсаны;
  • ISO/IEC 15445:2000[4] (ISO HTML деп аталатын, HTML 4.01 Strict нұскасы бойынша жасалған) — 2000 жылдың 15 мамыры.
  • HTML 5[5] — 2014 жылдың 28 қазаны;
  • HTML 5.1— 2012 жылдың 19 желтоқсаны.

HTML-документінің құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

HTML-құжатты таңбалауға арналған тіл. Кез келген HTML тіліндегі құжат элементтер жиынтығын көрсетеді, әр элементтің басы мен соңы арнайы тег арқылы белгіленеді. Одан басқа, элементтердің арнайы қасиеттері бар атрибуттары бола алады(мысалы, font-элементінің түсі немесе шрифт өлшемі). Атрибуттар ашылып жатқан тег-тің ішіне жазылады. HTML-құжатының фрагменттерінің мысалдары:

Екі тег арасындағы текст - ашылған және жабылған. <a href="http://www.example.com">Бұл жерде элемент href атрибуты бар, ол гиперсілтемені білдіреді.</a> Бос элемент мысалы:
кез келген HTML-құжат HTML нұсқасының спецификациясына жауап беретін <!DOCTYPE…> жолынан тұруы қажет, ол бұлай көрсетіледі:

DOCTYPE-тің HTML 5-дегі нұсқасы

HTML 5-те бірақ нұсқа қолданылады:

Ескертпелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Эд Титтел, Джефф Ноубл. HTML, XHTML и CSS для чайников, 7-е издание = HTML, XHTML & CSS For Dummies, 7th Edition. — М.: «Диалектика», 2011. — 400 с. — ISBN 978-5-8459-1752-2.
  2. Питер Лабберс, Брайан Олберс, Фрэнк Салим. HTML5 для профессионалов: мощные инструменты для разработки современных веб-приложений = Pro HTML5 Programming: Powerful APIs for Richer Internet Application Development. — М.: «Вильямс», 2011. — 272 с. — ISBN 978-5-8459-1715-7.
  3. Стивен Шафер. HTML, XHTML и CSS. Библия пользователя, 5-е издание = HTML, XHTML, and CSS Bible, 5th Edition. — М.: «Диалектика», 2010. — 656 с. — .978-5-8459-1676-1(қолжетпейтін сілтеме)
  4. Фримен Эрик, Фримен Элизабет. Изучаем HTML, XHTML и CSS = Head First HTML with CSS & XHTML. — 1-е изд. — М.: «Питер», 2010. — С. 656. —978-5-49807-113-8(қолжетпейтін сілтеме).

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]