Нарын (қала)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Нарын
қыр. Нарын
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Қырғызстан

Облыс

Нарын облысы

Аудан

Нарын ауданы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

41°26′00″ с. е. 76°00′00″ ш. б. / 41.43333° с. е. 76.00000° ш. б. / 41.43333; 76.00000 (G) (O) (Я)Координаттар: 41°26′00″ с. е. 76°00′00″ ш. б. / 41.43333° с. е. 76.00000° ш. б. / 41.43333; 76.00000 (G) (O) (Я)

Қала статусы

1927

Жер аумағы

40,51 км²

Биіктігі

2020 м

Уақыт белдеуі

UTC+6

Тұрғындары
Тұрғыны

34 822[1] адам (2009)

Ұлттық құрамы

қырғыздар - 98,5 %
өзбектер — 0,4%
дүнгендер — 0,4%
ұйғырлар — 0,3% [1]

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

996 3522

Автомобиль коды

H, N, 05

naryn.kg

Нарын картада
Нарын
Нарын
 Басқа мағыналар үшін Нарын деген бетті қараңыз.

Нарын (қыр. Нарын) — Қырғызстандағы қала, Нарын облысы мен Нарын ауданының әкімшілік орталығы.

Халқы — 34800 адам (2009). Қала аумағының көлемі — 40,5 мың км²

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қала Нарынтау жотасының баурайындағы Нарын қазаншұңқырында, теңіз деңгейінен 2000 м биіктікте, Нарын өзенінің бойында, Бішкек — Торугарт автомобиль жолының қиылысында орналасқан. Қаладан 180 км солтүстікке қарай, Ыстықкөлдің жағасында Балықшы темір жол станциясы орналасқан. Қытаймен шекарада, Нарыннан оңтүстікке қарай орналасқан "Торугарт" шекара пунктіне дейінгі арақашықтық  — 186 км[2].

Қысы суық, көбіне қарсыз және жазы салыстырмалы түрде салқын болып келетін континентті климат. Шілденің орташа температурасы +15 ˆС-тан +30 ˆС-қа дейін, қаңтарда -15 ˆС-тан -18 ˆС-қа дейін. Жауын-шашын жылына орта есеппен 200-ден 300 мм-ге дейін жауады.

Көптеген өзге де ортаазиялық қалалар сияқты Нарын да Шығыс Түркістаннан (Қашғар) Орта Азияға апаратын сауда жолы бойындағы шағын қамал ретінде құрылған болатын. XIX ғасырдың ортасына дейін бұл жерде айтарлықтай қала болған емес. Орта Азияның Ресей империясына қосылуынан кейін 1868 жылы осында орыс гарнизоны орналасты және осы сәттен бастап қала құрылысы басталады.

1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін Нарын Қызыл армия бақылауына өтті, бірақ 1920 жылы осында кеңес әскерлері мен ақ гвардияшылар арасында қақтығыс болды. Кейін қантөгіс айқастардан кейін мұнда Кеңес үкіметі орнады. 1927 жылы Нарын сол кезде құрылған Нарын облысының әкімшілік орталығы болды[3].

Қазіргі кезде Нарын өзімен аттас облыстың мәдени-әкімшілік орталығы болып табылады және "Нарын" еркін экономикалық аймағында орналасқан. Дәл осы жерде қалалық және облыстық бағыныстағы мемлекеттік, жеке және қоғамдық ұйымдардың бас кеңселері, Қырғызстан СІМ-нің консулдық бөлімі, "Торугарт" кеден басқармасы орналасқан[2].

Оқу орындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • С.Нааматов атындағы Нарын мемлекеттік университеті[4]
  • Нарын медициналық училищесі
  • Нарын педагогикалық училищесі

Белгілі тумалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Қырғыз Республикасының Ұлттық статистика комитеті. 2009 жылғы халық санағы. Дереккөз қатесі: Invalid <ref> tag; name "Perep2009" defined multiple times with different content
  2. a b Нарын. Asia Travel. Тексерілді, 4 шілде 2015.
  3. Нарын, Кыргызстан. Advantour.
  4. Нарынский государственный университет им. Мұрағатталған 29 шілденің 2012 жылы.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]