Достар (телехикая)
Достар ағылш. Friends | |
Телехикая логотипі | |
Жанры | ситком |
---|---|
Идея авторы | Дэвид Крейн
Марта Кауффман |
Өндіріс | Bright/Kauffman/Crane Productions |
Рөлдерде | Дженнифер Энистон Кортни Кокс Лиза Кудроу Мэтт Леблан Мэттью Перри Дэвид Швиммер |
Мемлекет | АҚШ |
Тілі | ағылшын |
Маусымдар саны | 10 |
Сериялар саны | 236 |
Өндіріс | |
Атқарушы продюсері | Дэвид Крейн Марта Кауффман Кевин С. Брайт Майкл Боркоу Майкл Кёртис Адам Чейз Грег Мэлинс Уил Кэлхун Скотт Сильвери Шана Голдберг-Миэн Эндрю Рич Тед Коэн |
Серия ұзақтығы | 20–22 мин. |
Студия | Bright/Kauffman/Crane Productions
Warner Bros. Television |
Статус | аяқталды |
Хабар тарату | |
Телеарна | NBC |
Бейне форматы | 480i (4:3 SDTV)
1080i (16:9 HDTV) |
Таратылым кезеңі | 22 қыркүйек 1994 — 6 мамыр 2004 |
Хронология | |
Келесі шоу | "Джоуи" (2004-2006) |
Сілтемелер | |
Ресми сайты |
|
өңдеу |
«Достар» (ағылш. Friends) — алты достың өмірі туралы баяндайтын комедиялық телехикая. Американдық телекөрініс тарихындағы ең үздік комедия жанрындағы телехикая және 1990-ыншы жылдардың ең таңымал тележобасы болып табылады. Қойылым мен шығармашылық топқа көптеген марапаттар ұсынылды, соның ішінде алты «Эмми» премиясы және «Алтын глобус» премиясы.
«Достар» хикаясы «Брайт/Кауфман/Крейн продакшенс» (ағылш. Bright/Kauffman/Crane Productions) және Warner Bros. Television студиясымен бірге продюсерленді, премьералық көрсетілімдер американдық NBC телеарнасында көрсетілді (1994 жылғы 22 қыркүйектен 2004 жылғы 6 мамырға дейін). Хикаяның соңғы эпизоды телехикаялардың соңғы эпизодтары рейтингінде төртінші орынға ие болды — премьерада оны 52,5 миллион адам көрді. 1994 жылдан 2004 жыл аралығында телехикаяның 10 маусымы түсірілді — барлығы 236 эпизод. Ол әлемнің әртүрлі елдерінде үлкен жетістікпен көрсетілді және көптеген жанкүйерлерді ие болды. 27 мамыр 2021 HBO Max бейне сервисінде түпнұсқа шоудың барлық басты актерлерінің қатысуымен "Достар" арнайы шығарылымы жарық көрді.
Сюжет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сериал 1994-2004 жылдары аралығында негізінен Манхэттенде (Нью-Йоркқаласында) орын алады. Сериал алты досының өмірін баяндайды: "әкесінің ерке қызы" Рейчел Грин (Дженнифер Энистон); аспаз Моника Геллер (Кортни Кокс); өткір тілді, кеңсе қызметкері Чендлер Бинг (Мэттью Перри); жыныстық қатынас пен тамақтануға бейім актер Джоуи Триббиани (Мэтт Леблан); ажырасқан палеонтолог Росс Геллер (Дэвид Швиммер); массаж жасаушы және әнші Фиби Буффе (Лиза Кудроу).
Сериалдың басында Рейчел өзінің күйеу тұрмысқа шығу алдында тастап кетіп, мектепте уақытындағы жан досы Мониканың үйіне көшеді. Олар Чендлер мен Джоуи пәтерлеріне қарама-қарсы пәтерде тұрады. Бұл төртеуі Мониканың ағасы Росс (жақында әйелі лесбиян болғанынан ажырасып кеткен) және Фибимен (белгілі бір мамандығы жоқ қыз, Мониканың бұрынғы көршісі) достасады. Сериалдың негізгі әрекеті Моника мен Чендлердің пәтерлерінде және «Орталық перк» кафесінде ("Орталық кофехана") өтеді.
Күйеуін тастап, Рейчел тәуелсіз өмір бастап, әкесінің ақшасынан бас тартуға шешім қабылдайды. Кафеде даяшы болып жұмыс істеуден шаршап, ол сән әлемінде мансабын бастайды — Bloomingdale's әмбебап дүкеніндегі сатып алу бөлімі бастығының кіші көмекшісінен "Ральф Лорен" компаниясының сауда бөлімінің бастығына дейін көтеріледі. Моника алғашқы бірнеше маусымда мансабын құруда қиындық көрді, бірақ беделді мейрамхананың аспазы болып, сәттілікке жетті. Чендлер, алдымен статистика бөлімінің қызметкері болған, бірақ уақыт өте жарнама бизнесіне ауысады. Джо әртүрлі телехикаялар мен жарнамаларда құбылмалы сәттілікпен ойнайды, бірақ мансабының шыңы - «Біздің өміріміздің күндері» телехикаясындағы дәрігер Дрейк Роморенің рөлі. Палеонтолог Росс алдымен мұражай қызметкері, кейінірек университетте профессор болып жұмыс істейді. Фиби массажшы болып жұмыс істейді, сондай-ақ бос уаұытында өзі гитарада ойнап, ән жазып, «Орталық перк» кафесінде концерттер береді.
Телехикаяның негізгі сюжеттік желісі — Росс пен Рейчелдің романтикалық қарым-қатынасы болып табылады. Олар бірнеше рет бөлініп, қайта қосылады. Росс Рейчелге мектептен ғашық болған, бірақ Рейчел оған ұзақ уақыт бойы назар аудармады. Олардың қарым-қатынасы құмарлық пен нәзік махаббаттан жеккөрушілікке дейін өзгереді, алайда байқаусыздықтан Рейчел мен Росста Эмма атты қыз туылады. Телехикаяның соңында олар бірге қосылып, бұдан ешқашан ажыраспауға шешім қабылдайды. Бесінші маусымнан бастап Чендлер мен Моника арасындағы қарым-қатынастың маңызды сюжеттік желісі басын алады. Қалған достар өмірлік серіктерін іздеуде. Сериалдың соңында Чандлер мен Моника үйленеді. Фиби де үйленеді, және тек Джоуи ғана бойдақ қалады.
Көптеген эпизодтарда эпизодтың ішінде шамамен бірдей маңыздылық берілетін үш шағын сюжеттік желілер бар. Серияның жалпы сюжеті белгілі бір серияның логикалық аяқталған сюжетімен бір уақытта біртіндеп дамиды. Кейбір сериялар кейіпкерлердің жастық шағы мен балалық шағынан өткен оқиғалардың естелігі, сонымен қатар қазіргі оқиғалардың альтернативті нұсқасы болып табылады.
Кейіпкерлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Басты кейіпкерлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Рейчел Грин (Дженнифер Энистон) — толық аты-жөні Рейчел Карен Грин.
Рейчел - бай отбасында өскен, ерке, өмірді аз түсінетін қыз. Рейчелдің екі сіңілісі бар - Эми және Джил. Сериалдың бірінші бөлімінде Рейчел өзінің үйлену тойынан қашып, өзінің мектеп шағындағы досы Моника Геллердің пәтеріне көшеді. Осылайша, Рейчел тәуелсіз өмір бастау туралы шешім қабылдады. Ол кейінірек сән әлемінде мансап жасайды. Рейчелдің көптеген серіктестері болған, бірақ бірінші маусымнан бастап соңғы маусымға дейін оқиға желісі оны Росспен романтикалық қарым-қатынастармен байланыстырады. Одан сегізінші маусымда ол Эмма атты қыз туады.
Моника Геллер (Кортни Кокс) — толық аты Моника Э. Геллер (кейінірек - Геллер-Бинг).
Моника - Росс Геллердің cіңілісі. Бала кезінде семіздіктен зардап шекті, бұл ода комплекстердің тууына себеп болды . Алайда сериал шыққан сәтінен бастап ол көп салмақ тастады. Оның мезгіл-мезгіл өзін сезінетін кейбір обсессиялары бар: ол мінсіз тәртіпті талап етеді, барлық достардан өзінің үстем мінезімен ерекшеленеді және әрқашан жеңімпаз болғысы келеді. Достары онсыз да оның оғаштықтарына үйреніп қалған және оларға мән бермейді. Моника - тамаша аспаз, оның мансабы жоғарылайды (минусы болса да), хи��аяның соңына қарай ол беделді мейрамхананың бас аспазына айналады. Мониканың көптеген жігіттері болған, бірақ оның жалғыз күрделі қарым-қатынасы ата-анасының досы Ричардпен және сериалдың жетінші маусымында үйленген Чендлермен болды.
Фиби Буффе (Лиза Кудроу) толық аты-жөні Фиби Буффе (кейінірек Буффе-Ханниган).
Фибидің телехикаяның басталуына дейінгі өмірі біртүрлі болған. Туған анасы Фиби мен оның егіз сіңілісі Урсуланы жақын досының асырауына қалдырып кетеді. Әкесі болса, отбасын тастап, ұзақ уақытқа жоғалып кетеді. Фиби жасөспірім болған кезіңде асырап алған анасы өзіне қол жұмсап, өгей әкесі түрмеге қамалады. Сериалдың басында ол әжесімен бірге тұрады және сериал дамыған сайын өзінің туған анасы мен әкесін табады. Ол жас кезінде біраз уақыт көшеде тұрып, қарақшылықпен айналысқан. Фиби мен Урсуланың қарым-қатынастары өте қиын, олар тіпті сөйлеспейді. Фиби массажист болып жұмыс істейді және гитарада ойнайды. Өзінің композициясындағы біртүрлі әндерді орындайды. Ол өгей інісіне суррогат ана ретінде үшем туды, яғни ол олардың суррогат анасы болды, өйткені інісінің әйелі денсаулығы мен жасына байланысты баланы көтере алмаған. Телехикаяның соңғы маусымдарында Фиби оныншы маусымда өзі тұрмысқа шығатын Майк атты жігітпен кездеседі. Кезінде ол Мониканың бөлмеде серігі болған.
Джоуи Триббиани (Мэтт Лебланк) — толық аты Джозеф Фрэнсис Триббиани-кіші.
Джо итальяндық-американдық отбасында дүниеге келді, оның басқа жеті әпкесі бар. Сериалда Джо стереотипті актер ретінде бейнеленген. Ол кедей, білімі нашар, аңғал және үнемі жұмыс іздеп жүреді. Сонымен қатар, ол өте сүйкімді және әйелдер арасында сәттілікке ие. Джоның бүкіл хикая барысында тұрақты жұмысы жоқ: ол жарнамалық роликтерде, телешоуларда және фильмдерде ойнады, бірақ ол мәнді рөлге ие бола алмайды. Соңында ол әйгілі «Біздің өмір күндері» телехикаясының актері болады.
Чендлер Бинг (Мэттью Перри) — толық аты-жөні Чендлер Мюриэль Бингт.
Чендлер эротикалық роман жазушысы Нора Тайлер Бинг пен гомосексуалды трансвестит Чарльз Бингтің отбасында дүниеге келген. Чендлердің көптеген комплекстері бар, олардан үнемі қалжыңмен қорғанады. Чендлердің жұмысы деректерді талдау мен қайта конфигурациялау болып табылады және осы салада ол жақсы мансапқа қол жеткізуде. Алайда телесериал соңында ол жұмыстан шығып, жарнама бизнесінде нөлден бастайды. Чендлердің махаббатта жолы бола бермейді. Шын мәнінде, оның екі-ақ қарым-қатынасы болған: Джениспен және телехикаяның жетінші маусымында үйленетін Моникамен.
Росс Геллер (Дэвид Швиммер) — толық аты-жөні Росс Юстас Геллер.
Росс — Мониканың үлкен ағасы және олардың ата-аналарының сүйікті баласы. Ол — беделді палеонтолог, алдымен мұражайда жұмыс істейді, содан кейін университетте сабақ беретін профессор ретінде мансап жасайды. Махаббат әлемінде жолы бола бермегеніне қарамастан, ол үш рет үйленіп, осынша рет ажырасқан. Мектеп кезінен бастап ол Рейчелге ғашық және олардың қарым-қатынасы сериалдың басты махаббат сюжеті (бір маусымда олар Лас-Вегаста мас болып үйленеді). Росстың екі баласы бар - бірінші некеде туылған ұлы Бен және Рейчелден туылған қызы Эмма.
Екінші реттік кейіпкерлер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Джек Геллер (Эллиотт Гулд) — Моника мен Росстың әкесі, Джуди Геллердің күйеуі.
- Джуди Геллер (Кристина Пиклз) — Моника мен Росстың анасы, Джек Геллердің әйелі.
- Кэрол Уиллик (Джейн Сиббетт) — Росс Геллердің алғашқы әйелі. Олар сегіз жыл бойы заңды некеде өмір сүрді, бірақ кейіннен Кэрол өзінің лесбиян екенін түсінгендіктен ерліөзайыптылар ажырасып кетті. Ол өзінің ұлы Бенді Росспен және сүйікті досы, ал кейін заңды әйелі Сюзанмен бірге тәрбиелейді.
- Гантер (Джеймс Майкл Тайлер) — «Орталық кафе» менеджері, жасырын түрде Рейчел Гринге ғашық. Кейіпкерлердің ешқайсысы оның тегін білмейді. Гантер бұрын сериалдарда ойнағаны белгілі.
- Дженис (Мэгги Уилер) — Чандлер Бингпен кездесіп жүрген қыз. Чандлер оны бірнеше рет қалдырып кетеді, бірақ кейінірек оған қайта оралады.
- Дәрігер Ричард Берк (Том Селлек) — Джек Геллердің досы, ол Мониканы жақсы көретін офтальмолог.
- Майк Ханниган (Пол Радд) — алдымен Фиби Буффенің жігіті (9 маусымның 3-бөлімінен), ал кейін күйеуі (10 маусымның соңында).